Басты тақырыпҚарағанды

Жаңа көліктер – жұрт игілігіне

   Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағанды қаласы коммуналдық кәсіпорнының бас директорына арнайы техникалық кешеннің кілтін тапсырды.

Ілкімді іс-шара ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Мамандандырылған техникалар қатарында жүк тиегіш, арықтарды және жол бойын тазалағыш көліктер, МТЗ әмбебап тракторлары, түрлі құрамды және вакуумды шаң тазалағыштар бар. Олардың жалпы саны – 60.

Бұл техникалар «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы арқылы сатып алынған. Сондай-ақ, қарағандылық көлік базасының жаңартылуына Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауларын жүзеге асырудың шапағаты тиген.

Мұндағы мақсат – айқын. Облыс орталығындағы автокөлік жолдарын күтіп-сақтау, әлеуметтік нысандарға барар бағыттарды таза ұстау, халыққа қолайлы жағдай жасау.

Біздің облыс орталығы – үлкен шаһар. Санитарлық тазалық 5 миллион шаршы метрден астам жерге жүйелі жүргізіліп тұруы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Жаңадан іске қосылған техникалар коммуналдық қызметтің жұмыс сапасын арттырады. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет жұмыскерлері бірінші рет бірыңғай киім үлгісін киюге көшті.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button