АймақҚарағанды

«Жаңа есімдер» анықталды

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын іске асыру арқылы мамандықты дәріптеу, адал еңбекке ынталандыру және еңбек адамдарын насихаттау мақсатында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Жаңа есімдер – 2023» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Суреттер: қалалық ішкі саясат бөлімінен

Қаланың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар биыл 6 номинация бойынша марапатталды.
Өз саласының майталман мамандары, ең үздік жерлестердің жетістіктері «Біз – қарағандылықтармыз» (Мы-карагандинцы) сайтында жарияланып, жеңімпаздар ашық дауыс беру арқылы таңдалды.

«Мейірімділік» номинациясы жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтер және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жетістіктері үшін Анар Ассалауоваға, «Батыр» номинациясы облыстық деңгейде спорт саласында жеткен жетістіктері мен жеңістері, аймақтағы бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Әмзе Аянға, «Насихат» номинациясы білім берудің заманауи әдістерінің дамуына үлес қосқаны, ұстаздардың жас буынын тәрбиелеу және тәлімгерлік өткені үшін Төрекелді Дидарға, «Шабыт» номинациясы өңірде мәдениеттің дамуына қомақты үлес қосқаны, шағармашылық табысы және өлкенің мәдени мұрасын халық арасында кең насихаттағаны үшін Есжан Әміровке, «Табыс» номинациясы заманауи қазақстандық бәсекеге қабілетті бизнесті дамытқаны үшін «Қарағанды-Нан» ЖШС-не, «Ұстаным» номинациясы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып, халық арасында азаматтық бастамашылдықты насихаттағаны үшін Эльмира Сайлауқызына берілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Суреттер: қалалық ішкі саясат бөлімінен

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button