АймақАқтоғай

Жаңа дүкен жұртшылық үшін

Ақтоғай ауданы әкімі Руслан Кенжебековтің бастамасымен өңірде әлеу­меттік дүкендердің саны артып келеді. Негізгі міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қолжетімді ету. Жақында осы мақсатта аудан орталығынан «Мөлдір Әлем» азық-түлік дүкені салтанатты түрде ашылды.

Сурет: автордан

Жаңа дүкеннің ашылуына аудан басшысы Руслан Кенжебеков арнайы қатысып, құттықтау сөзін жеткізді.

– Азық-түлік бағасын тұрақ­тандыру – халық қамы. Осы ретте мұндай дүкендердің септігі мол. Тұрғындардың қалтасын қақпай, тұрмысын түзеуге мүмкіндік береді. Бұл азық-түлік дүкенінің ерекшелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатып алады. Дүкеннің төріндегі сөреде тұрған азық-түліктер, расымен, әлдеқайда арзан. Халық игілігіне жарасын. Алдағы уақытта осындай дүкендер көптеп ашылса, қарапайым халықтың тұрмыс жағдайы жақсаратыны сөзсіз, – дейді Руслан Айтыкенұлы.

Айта кетейік, «Мөлдір Әлем» атты азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер Баян Искакова ба­ғаны тұрақтандыру аясында «Ай­­налым схемасы» тетігін іске асыру үшін «Сарыарқа ӘКК» АҚ арқылы қаражат алып отыр. Бұл бағытта жұмыс­тар жалғасын табатын болады.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button