Жаңа буын – жаңғыру жолында
Қарағандылық оқушылар Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Экспо-2017» көрмесі шеңберінде және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысып, жүлделі орынды иеленді.
Форумға республикамыздың 14 облысынан 16 команда қатысты. Қарағанды облысынан 14-16 жас аралығындағы 9 оқушы қатысса, оның ішінде 3-уі «Жас натуралистер станциясы» үйірмесінің оқушылары. Форум «Жасыл оазис», «Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы, «Экоәлем», «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» атты экологиялық квест атты жеті номинация бойынша өткізілді.
«Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы номинациясында «Дизайнер-гүл өсіруші» үйірмесінің оқушысы Амалия Бислингер (үйірме жетекшісі – Н.Олишевец) 1-ші орынды иеленсе, «Жас бағбан» үйірмесінен Аружан Әділбаева мен Анель Айтқалиева (үйірме жетекшісі – К.Катпатаева) «Жасыл оазис» номинациясы бойынша қатысушы сертификатын алды.
Форум жеңімпаздарын «Жас натурлистер станциясының» директоры Н.Блялов құттықтап, ата-аналарына алғыс хаттар табысталып, оқушыларға арнайы сыйлықтар берілді.
Айсұлу МҰСАТАЕВА,
«Жас натуралистер станциясы» директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.