Облыс әкіміРесми

Жаңа басшы тағайындалды

Ерлан ҚҰСАЙЫН облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры қызметіне тағайындалды.

Қарағандыдағы «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішевтің төрағалығымен алқалы отырыс өтті.

Аталған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2018 жылғы 29 наурыздағы №18-01-38.10 «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХXVІ сессиясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығын орындауды ұйымдастыру барысы талқыланды.

Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев қызметкерлерге облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жаңа директоры Ерлан Құсайынды таныстырды.

Ерлан Бейсембайұлы Құсайын 1976 жылы дүниеге келген.

1999 жылы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және 2017 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша – филолог, заңтану бакалавры.

Бұған дейін Ерлан Бейсембайұлы Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы қызметін атқарған.

Қарағанды облыстық ҚХА баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button