Жаңалықтар

«Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форумы

«Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі»

атты республикалық форумы
Өтетін күні және уақыты: 17.05.2022 ж. сағат 11.00

Өтетін орны: Zoom платформасы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форумды ҚРБілім және ғылым министрлігі, әкімдіктердің Жастар саясаты мәселелері басқармалары, республикалық жастар қозғалысы өкілдерінің және Жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, жастармен жұмыс істейтін мамандар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағалары мен алғыр білім алушылардың қатысуымен ұйымдастырады.

Форумның мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тезистерін талқылау және түсіндіру, сондай-ақ еліміздің академиялық және студенттік қоғамдастығының алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша одан әрі іс-қимылдарды анықтау.

Форумға Қазақстанның 10 шақты университетінен 100-ге жуық студент-жастар қатысады деп күтілуде.

Аккредиттеу үшін: 8 702 36 36 005

Басқа материалдар

Back to top button