Жаңалықтар

Жаңа Қазақстан өздігінен қалыптаспайды

Жолдауда Мемлекет басшысы қаңтардағы дүрбелеңнің себебін зерттеп, зерделеп, бүлікші содырлардың түпкі мақсаттарына мән берді. Сын-қатерлерден сабақ алып, елімізде жаңа Қазақстанды құруға бетбұрыс басталғанын, дамудың кешенді бағдарламасын жариялады.

Осы реформалардың барлығы қазақстандықтардың өркениетті елде өмір сүріп, олардың конституциялық құқықтарын сақтауға, уайымсыз табысты еңбек етуге негіз болып табылатынын қадап айтты.

 

Ел ішінде, халық арасында қордаланған, кезінде кеткен кемшіліктерді атап өтіп, өңірлердің қуатты дамуына да басымдық беріп, республикада жаңадан Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құрудың қажет екеніндігін алға тартып, бұл ұсынысты халықтың қолдайтынына сенім білдірді.

Менің өмірімнің алпыс бес жылы еңбекпен өтті. Сондықтан, қазір еңбек етіп жүрген азаматтарға айтарым, жаңа Қазақстан өздігінен қалыптаспайды.  Оны тіктеуге, дамыған өркениетті елге айналдыру үшін баршамыз бір кісідей атсалысайық. Әсіресе жастар қауымы, елдің болашағы, халқымыздың бірлігі сіздердің қолдарыңызда. Кешегі қаңтар оқиғасына қатысқандардың көпшілігі – өзіміздің балаларымыз бен немерелеріміз. Мұндай бүліктен енді аулақ болайық. Әлеуметтік желідегі қаңқу сөздерге сенуге болмайды. Мемлекет басшысының ұсынған бағыты мен бағдарына тірек болайық. Жаңа Қазақстан құруға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбек етейік, ағайын.

Боранбай ЖҰМКИН.

Шет ауданының Құрметті азаматы.

Басқа материалдар

Back to top button