Жаңалықтар

Жаңа Қазақстанға – жаңа қадам

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында №11 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүруде. Сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 150-ден астам адам дауыс берген.

Дауыс берушілердің қатарында қала тұрғыны, зейнеткер Валентина Карнюхина да бар.

– Былтыр Қаңтар оқиғасы көп ой салды. Сол уақытта еліміз қиын жағдайда қалған еді. Бұл да бір сынақ. Енді мұндай оқиғалар қайталанбаса екен. Бірақ, қайталанбайды деп ойлаймын. Себебі бізде жүйе өзгергелі жатыр. Жаңа бағыт. Жаңа қадам. Ал, осы жолда мен өз таңдауымды жасадым, — деді зейнеткер.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button