Жаңалықтар

Жаңа қадам – өрлеу кепілі

    Қазақстан ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасады. Ата заң аясында – Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, түрлі ұлттардың бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болуда.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару туралы Үндеуі біздің дамудың жаңа белесіне көтеріліп келе жатқанымызды айғақтайтын құнды құжат ретінде көрініс тапты.

Егер, Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді. Бұл дегеніміз кез келген жеке тұлға Қазақстанда меншікке ие бола алады дегенді білдіреді. Жалпы жерді тиімді пайдалану және жерге қатысты нормативтік-құқықтық актілердің әлсіз жақтарының және даудың туындауының алдын алу мен жол берілмеуі сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мақсатында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу арқылы жаңадан Конституциялық жоба қаралуда. Мұнда Қазақстандағы жеке меншікті Конституциялық негізде қорғау тетіктерін одан әрі нығайту, меншік құқығының кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып отыр.

Сонымен бірге, мемлекет ішіндегі билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланып отыр.

Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында қырыққа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлім етті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке және елдің қорғаныс қабілетіне ден қойды. Өз кезегінде Парламент пен Үкіметтің рөлі артып, аталмыш жұмыс екі негізгі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріліп, бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап береді. Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету болып табылады.

Парламент пен Үкімет өзіне тиесілі мәселелерді шешуге құзыретті болған жағдайда сыртқы және ішкі саясатта жаңаша жағымды өзгерістер күтіледі. Десе де, стратегиялық мәселелерді қарастырған кезде елдегі жағдайдың Президент бақылауында болары сөзсіз. Бұл енгізіліп отырған өзгерістер болашақта парламенттің жауапкершілігін күшейтеді және үкіметтің құзыреті мен жауапкершілігін арттырады.

Бұл тармақтардағы өзгерістер туралы түрлі пікірлер жүріп жатыр. Дегенмен, біз құқықтық мемлекет атына лайық болуымыз үшін Конституциялық кеңестің ұйғарымының дұрыстығына кәміл сеніуміз қажет. «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді.

А.ҚОСЖАНОВ,

ҚЭУ Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының профессоры,

Г.ҚАРЖАСОВА,

ҚЭУ Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының PhD докторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button