Теміртау қаласында қалалық әкімдік пен мәдениет саласы, прокуратура қызметкерлері, танымал спортшылардың қатысуымен өткізілген «Нашақорлыққа жол жоқ!» республикалық жобасы жүзеге асырылып, ол 6 желтоқсанда қорытындыланды.
Бұл жобаны іске асыру 4 қарашада Теміртау қалалық мәслихаты төрағасының теміртаулық жастармен кездесуімен басталып, 9 қарашада мыңдаған белсенділердің, спортшылар мен жастар өкілдерінің есірткіге қарсы жеңіл атлетика кросымен жалғасқан еді.
Осы жоба аясында жиырмадан астам спортшы мен шығармашылық, зиялы қауым өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары жергілікті жастармен жүздесіп, осы тақырыпта әңгіме қозғады.
Ал, 6 қарашада қалалық Мәдениет сарайының фойесінде өткен оның қорытынды кездесуінде қаладағы спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің өкілдері өз қызметімен таныстырып, оларға қатысуға тілек білдірушілер тізімге көптеп тіркеліп, жазылды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz