Білім

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шықты

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Мың бала» мәдени-ағарту жобасының ақтың кезеңі аяқталып, жеңімпаздары анықталды. Аталмыш байқауға ел бойынша 320 мың бала қатысып, ішінен 35 жеңімпаз іріктелді. Соның ішінде облыс атынан бақ сынаған екі қарағандылық оқушы да осы үздіктердің қатарына енді.

Суреттер: Облыс әкімдігінің сайтынан

«Мың бала» жобасы жыл сайын оқушылар арасында өткізілетін ірі байқаулардың бірі. Мұнда олар қазақ ақындарының шығармаларын, көнцерттің нөмірлері мен авторлық өлеңдерін ұсына алады. Әуелі бұл байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алу үшін қатысушылар әр өңірде «Өнерлі өрге жүзер» және «Жарқыра, жас дарын!» аталымы бойынша сынға түседі.

Аталмыш жобаның ақтық кезеңіне жолдама алған қарағандылық оқушының бірі – Мұстафа Бурак. Бүгінде ол Шәкәрім атындағы Қарағанды гимназиясының 8-сынып оқушысы. Оның осы байқауға төртінші мәрте қатысуы екен. Биыл «Өнерлі өрге жүзер» аталымында өнеркөрсетіп, байқаудың жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, осы аталым бойынша бақ сынаған Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылының №5 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Альбина Девивые да жеңімпаз атанды. Ол Мұқағали Мақатевтың «Сәби-Ана» өлеңін оқып, көкпшілікті өнерімен тәнті етті.

– Альбинаға 5-сыныптан бастап сабақ беремін. Ол көптеген аудандық және облыстық мәнерлеп оқу байқауында жеңіске жеткен. Биыл алғаш рет «Мың бала» жобасына қатысып отыр. Әрине, бұл қажырлы еңбектің нәтижесі. Мұнда бәрі үлкен дайындықпен келген. Сол үздіктердің ішінен суырылып алға шыққан Альбинамен мақтанамын, – деді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынгүл Ыбраева.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button