Спорт

Жүсіповтің келесі қарсыласы кім?

Жерлесіміз Абылайхан Жүсіповтің (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегінің күні  белгілі болды. Кездесу 26 тамызда Тулсада (Оклахома штаты, АҚШ) жоспарланған. Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясының баспасөз хабарламасында жарияланды. Ал, қарсыласының кім екендігі әлі белгілі емес. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

 

Жүсіповтің жекпе-жегі ESPN-дегі Top Rank бокс кешінің андеркардының бөлігі болмақ. Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті супер-нокаутшы Джаред Андерсон (15-0, 14 КО) және украин Андрей Руденко (35-6, 21 КО) жұдырықтасады.

Басты жекпе-жекте Қазақстанның тағы бір өкілі ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) және нигериялық Эфе Аджагба (17-1, 13 КО) ауыр дивизионда шайқасатынын да атап өткен жөн.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button