Жаңалықтар

Жұрт ынтасы жоғары

Қарағанды қаласындағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №80 және №81 референдум учаскелерінде дауыс беру қызу жүруде.

— Біздің учаскеде 2362 сайлаушы тіркелген. Сағат 13:00-тегі жағдай бойынша 1717 адам өз таңдауын жасады. Карбышев пен Мұқанов көшесіндегі үйлерден келіп дауыс беруде, — дейді №80 учаске төрағасының орынбасары Алуа Блялова.
Ал, №81 референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Наталья Чернушенко:
— Бұл учаскеде 2216 сайлаушы тіркеуде тұр. Негізінен Мұқанов көшесі №№22, 24, 26, 28, Сатыбалдин көшесі №№1, 2, 4 және Құрылысшылар даңғылындағы №№1, 5, 7, 11/3 үйлердің тұрғындары осы жерге келіп дауыс беруде. Осы уақытқа дейін 1500-ден астам адам келіп, таңдау жасады, — дейді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button