Жаңалықтар

Жәрмеңкелер маусымы басталады

2021 жылғы 16 қазаннан бастап облыс орталықтарында қалалар мен аудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін «Ауыл Береке» дәстүрлі жыл сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады.

Жәрмеңкелер 2021 жылғы 16, 23 қазанда және 6 қарашада Қарағанды қаласында «Global City» көтерме-тарату орталығының аумағында (134 есептік орам) өткізіледі.

Жәрмеңкеде 8 ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сондай-ақ облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен бағамен ұсынады.

Жәрмеңкеде барлығы 1564 тонна өнім, оның ішінде 185 тонна ет, 990 тонна картоп, 250 тонна көкөніс, 54,0 тонна сүт өнімдері, 27 тонна балық, 390 мың дана тауық жұмыртқасы және 50,0 тонна өзге де өнімдер сату жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 қазанында ауылдық аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер облыстың серіктес қалаларында өткізіледі, онда 366,0 тонна өнім, оның ішінде 44,5 тонна ет, 216 тонна картоп, 92,0 тонна көкөніс, 13,4 тонна сүт өнімдері, 1,5 тонна балық, 170 мың дана тауық жұмыртқасын сату жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button