Бүгін Абай аудандық мансап орталығы Мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі осыменен оныншы рет өткізіліп, оған ауданның 15 жұмыс беруші ұйым және кәсіпорны өкілдері қатысты.

Бұған дейін өткен осындай 9 жәрмеңкеде аудан бойынша 905 адам тұрақты жұмысқа орналасса, осы жолы өтініш жасаған 80 адамға 150 бос жұмыс орны ұсынылды. Солардың арасынан 26 адамға жұмысқа тұруға жолдама беріліп, 60-тан аса ақпараттық кітапшалар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы



