Жәрмеңке жабық алаңда өтті
Тұңғыш Президент күні құрметіне ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жаңадан салынған «Сарыарқа» супермаркетінің алаңында өткізілді. Жәрмеңкені бұл ғимаратта өткізу туралы ұсынысты аталмыш сауда үйінің иелері жасаған. ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын жәрмеңкені де осы алаңда өткізу жоспарлануда.
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, жәрмеңкеге 8 ауданның шаруалары қатысқан. 135,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 15-20%-ға арзанға сатылған. Оның ішінде, 50,9 тонна ет, 6,1 тонна балық өнімдері, 41,0 тонна көкөніс пен картоп өнімдері және 7,2 тонна сүт өнімдері, 50,0 мың тонна жұмыртқа мен 30,2 тонна басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері бар.
Жәрмеңкені облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аралап көрді. Ол ветеринарлық зертхананың жұмысын тексерді. Саудаға шығарылатын ет-сүт өнімдерін тыңғылықты тексеріп шығуға тапсырма берді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.