Жаңалықтар

Жәрмеңке қызды

Қарағандыда «GLOBAL CITY» көтерме-тарату орталығының аумағында 8 ауданнан, сондай-ақ, облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен кезекті «Ауыл – Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Өнімдер нарықтағы құнынан 10-15% төмен бағамен саудаға шығарылды.

Жәрмеңкеде 574,6 тонна өнім сатылды. Оның ішінде 67,7 тонна ет, 350 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 4,5 тонна шұжық өнімдері, 7,4 тонна балық және 17 тонна басқа тауарлар бар. Мысалы, қой етінің келісі – 1 800, жылқы еті – 2 400 теңге. Картоп, қырыққабат, сәбіз және қызылшаның келілері – 110, пияз – 70 теңге болды. Он жұмыртқа – 220 теңгеден 320 теңгеге дейінгі аралық бағада саудаланды. Келесі жәрмеңке 6 қарашада «GLOBAL CITY» аумағында өтеді. Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 134-ші есептік квартал (Тәттімбет және Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысы). «GLOBAL CITY» көтерме-тарату орталығына №40, 56, 5, 146 автобустармен және №02, 29 маршруттық көліктерімен жетуге болады. Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін «GLOBAL CITY» КТО аумағында үлкен тұрақ бар.

Қызғалдақ АЙТЖАН. 

Басқа материалдар

Back to top button