АймақҚарқаралы

Жәрмеңке тарихы жаңғырса…

Тарихы мыңдаған жылдарға кеткен Қарқаралы өңірінде өзінің құпиясын, тарихын бүгінгі күнге жеткізе алмаған талай-талай дүние бар. Қызыл Кеніш, Шайтанкөл, Астаукөл, петроглифтер, ертедегі қоныстардың орны, белгісіз молалар сыры бізге беймәлім. Әріге бармай-ақ биыл ашылғанына – 175 жыл, жабылғанынан – 93 жыл, Қарқаралының іргесінде 82 жыл бойы сауда көрігін қыздырған – Қоянды жәрмеңкесі туралы білетініміз шамалы екен. Жәрмеңке туралы аудандық, облыстық басылымдарда журналистер, өлкетанушылар біраз мәліметтер жариялады. Сондықтан, мен жәрмеңкенің тарихына көп тоқталмайын, кейбір өзім білген мәліметтерді ғана айтайын.

Қарқаралы жәрмеңке
Сурет автордан

1848 жылы көктемде Қарқаралы станциясынан 50 шақырым жердегі Тоқпан тауының баурайында, Талды өзенінің бойында жайлауда отырған қазақ ауылына оншақты арбамен келген Варнава Ботов ат шалдырып алуға, айырбасқа мал айдап келетін адамдарды күтіп алмаққа тоқтайды. Әккі көпес қарап жатпай, әкеле жатқан тауарларын маңайдағы қазақтарға малға айырбастай бастайды. Ол кезде жергілікті халықта ақша жоқ, сауда өлшемі, баламасы – қой болып белгіленеді. Мысалы, ағаш табақ – 1 қой, мақта халат – 0,5 қой, бір фунт (0,5 келі) шай – 0,5 қой. Қыстан азық-түліктен тарығып шыққан жергілікті тұрғындар көпестің барлық тауарларын бір аптада малға айырбастап, алып кетеді. Жергілікті қазақтар Варнаваны «Барнай, келесі жылы, осы уақытта кел, күтеміз!» деп шығарып салады. Осы бір уақыттан басталған базар аз уақытта атақты жәрмеңкеге айналады. Қаржы айналымы бірнеше миллион рубльге жетеді. Сол кездегі қойдың бағасы 2-3 рубль болғанын ескерсек, сауда айналымының мөлшерін бағамдай беріңіз. Жәрмеңкенің атағы Батыс Қытайға, Орта Азия­ға, Ресейдің еуропалық бөлігіне, Сібірге тарайды. Жыл сайын көктем шыға, Қояндыға жүздеген саудагер-көпестер, мыңдаған халық ағылады…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 19 тамыздағы №92 (23 268) санынан оқи аласыздар.

Мейріхан ҚАСЫМЖАНОВ,
өлкетанушы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button