Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға онлайн өтініш беруге болады

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алған қазақстандықтар енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсыруға өтінім бере алады және “ХҚКО” қосымшасы арқылы кезекке тапсырыс бере алады. Инновация уақытты үнемдейді және арнайы ХҚКО-ға келушілер ағынын айтарлықтай азайтады.

Өтініш беру үшін пайдаланушыға “ХҚКО” мобильді қосымшасында “Бейне арқылы қызмет көрсетуді” таңдау қажет. Сервис алғашқы консультация беру үшін көрсетілетін қызметті алушыны арнайы ХҚКО операторымен байланыстырады. Содан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік бажды төлеу немесе төлемі бар чекті ұсынуды сұрайды. Бұдан кейін № 073/у нысанындағы медициналық анықтаманың сканерленген нұсқасын, автомектепті бітіргені туралы куәлікті, көрсетілетін қызметті алушының фотосуретінің талаптарына сәйкес келетін куәлікті және оның қолын ұсыну қажет. Сұралған құжаттарды бейне кеңесшімен сөйлескен кезде диалог терезесінде тіркеуге болады. Өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін азаматқа емтихан тапсыратын күн мен уақытты таңдап, арнайы ХҚКО-да кезекке тапсырыс беру ұсынылады.

– Бұған дейін жүргізуші куәлігін алғысы келгендер емтихан тапсырар алдында өтінімді ресімдеу және мемлекеттік бажды төлеу үшін арнайы ХҚКО-ға жеке өзі жүгінуге тиіс болатын. Енді азаматтар бұл қадамды онлайн режимінде аяқтай алады. Сонымен, өтінішті бейне қоңырау арқылы рәсімдеп, кезекке тапсырыс бере отырып, клиент емтихан тапсыру үшін белгіленген уақытқа арнайы ХҚКО-ға келе алады. Болашақта электрондық үкімет порталы және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы өтінім беру функциясын іске қосу жоспарлануда, – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ, қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы басты бетте “Бейне ХҚКО” таңдау арқылы пайдалануға болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button