Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан ережесіне өзгеріс енді

Енді электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берерде биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өтуі қажет. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің бұйрығында жазылған. 

 

Жүргізуші куәлігін алуға тапсырғанда емтихан кезінде мұндай рәсімнен үш рет өтеді: емтихан алдында, емтихан кезінде және емтихан аяқталған соң. 

Теориялық емтихан тапсыруға арналған сыныптар сигналдарда басуға арналған арнайы жабдықтар, бейнебақылау камералары мен емтиханның таза өткенін қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталуға тиіс.

– Теориялық емтихан өткізгенде кандидат материалдар алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты және қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтиханды қабылданбайды. Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акт жасалып, кандидатқа «тапсырған жоқ» деген баға қойылады. Теориялық емтиханды қайта тапсыруға үміткер кемі үш айдан кейін жіберіледі, – делінген бұйрықта. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button