Бас тақырып

«Жүректен-жүрекке»: кәсіпкерлер де қалыс қалмады

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен-жүрекке» республикалық акциясын жариялаған болатын. Акция аясында Қарағанды қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі облыстық штаб құрылып, «Достық» үйінде гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылды. Су тасқыны басталғаннан бері Қарағанды облысы ҚХА мүшелері 58 млн. теңгеге жуық гуманитарлық көмек жинады.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Қарағанды облысы ҚХА мүшесі, «Имсталькон» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Иван Георгиади су тасқынымен күресуге 30 млн. теңге бөлді. ҚХА мүшесі, облыстық «Эребуни» армян мәдени орталығының төрағасы Артур Навасардян – 1 млн. теңге, ҚХА мүшесі Шамиль Осин – 800 мың теңге, ҚХА мүшесі, Нұра ауданы «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп – 500 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

Сонымен қатар, бүгін қабылдау пунктіне облыстық кәсіпкерлер палатасы – 2 тонна, «Атамекен» ЖШС – 1 тонна, «Дарад» ЖШС – 1 тонна ұн түріндегі гуманитарлық көмек жеткізген. «Дамир АА» ЖШС болса 500 келі макарон өнімдерін әкелді. Жеке кәсіпкер Тайбагорова 1 тоннадан астам азық-түлік өнімін, 315 бөтелке күнбағыс майын, 25 қорап тез дайындалатын кеспе жеткізді. Ал, «WEC Trade» ЖШС – 240 келі жуғыш заттармен қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, көмек ағымдағы жылдың 20 сәуірін қоса алғанда күн сайын (жексенбіден басқа) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады.

Достық үйі өкілдерінің байланыс телефондары: 8707 872 89 28, 8 775 921 19 20.

Зардап шеккендерге көмек ретінде келесідегідей заттар: резеңке қайықтар, плащтар, ұйықтайтын қаптар, резеңке етік, матрацтар, жастықтар, көрпе, төсек-орын, электр құралдары, азық-түлік қажет.

Қаржылық көмек көрсеткісі келетіндер үшін шот мәліметтері:
Атауы: «КОФ» ҚР ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ААҚ
ЖСН(БСН): 950241002154
КБ: 18
Банктің атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
BIC: HSBKKZKX
IIC: KZ056017191000006681

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button