Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулынан айырылды
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы титулын алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков хабарлады.

– Бүгін бір сағат бұрын IBF шешімі келді. IBF ұйымының қатал ережелері бар, хатында соған сілтеме жасалған. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетіледі. Сондай-ақ, ережелер бойынша әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет, – деді Рахымжан Ерденбеков.
IBF ережесіне сәйкес, чемпион өз белдігін тоғыз ай (2026 жылдың 4 шілдесіне дейін) ішінде қорғауы тиіс.
Еске сала кетейік, отандасымыз осы жылдың 2 желтоқсанына дейін бір жылға бокстан шеттетілген болатын.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



