Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% – на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
– eGov.kz порталына кіру;
– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
– қызметті барлық жолдарды толтырып онлайн режимінде тапсырыс беру және өтінімді ЭЦҚ-мен қол қою арқылы жіберу;
– бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Мансаптық орталық (КО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
– егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен КО қызметкері байланысады).
Бұл қызметті онлайн режимде электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда, ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесі мобильді телефонға белсенді форматта МӘСҚ-дан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге SMS жібереді. Келіскен жағдайда хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 134,8 мың адамды құрады, бұл ретте 61 мың қазақстандыққа төлем дәл осы жылы тағайындалған болатын.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА