АймақБалқаш

Жұмысы жемісті орталық

Қуатты Қазақстан мемлекетiн қалыптастыратын түрлi стратегиялық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Еліміздегі жұмыссыздарды жұмыспен қамтып, кәсiпке қызығушылығын оятудың түрлi амалы ойластырылды. Байлық, бақыт, бақтың шын берiле iстеген жұмыстың арқасында келетiнiн ұқтырды. Үкімет өңірлерде жұмыссыздықпен күресуді назардан тыс қалдырған емес. Биылдың өзінде Приозерск қаласының Мансап орталығы арқылы 464 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарға 205 азамат жіберілген. Бұл туралы Приозерск қаласы Мансап орталығының басшысы Мақпал Акимова мәлімдеді.

Сурет автордан

– Елдің әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ететін бағдарламаларға басымдық беріліп отыр. Әлеуметтік қолдау көрсетіліп, оны жүзеге асыруға барынша Мансап орталығы тікелей және мүдделі түрде атсалысып келеді. Айта кетсек, қоғамдық жұмыс орындарына – 103 азамат, «Жастар тәжірибесіне» – 25 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына – 22 азамат, алғашқы жұмыс орындарына – 18 азамат, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 1 азамат, «Күміс жас» жобасына – 36 азамат жолданды. Сонымен қоса, 2025 жылы «Алтын жас» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаға зейнетке шыққан азаматтар 36 айға жолданады. Жалақының 50%-ы субсидияланады. Бірақ, ең төменгі жалақыдан артық емес. Жалпы сомасы 85 000 теңгені құрайды. Бұл жоба бойынша зейнеткерлікке шыққан 70 жасқа дейінгі азаматтар арасында сұраныстар жүргізілуде. Жоғары және орта кәсіптік мамандықтары бар 35 жасқа дейінгі жастар, 50 жастан асқан және 70 жасқа дейінгі еңбекке жарамды зейнеткер жасындағы азаматтар біздің орталыққа жүгінуде, – дейді Мақпал Акимова.

Орталық басшысының айтуынша, жолға қойылған жобалар жүзеге асырылып, табысы төмен жандарға кәсіпкерлікте алғашқы қадамдарын жасауға және өздерінің бизнес-бастамаларын қолға алуына септігін тигізген. Сондай-ақ, қысқа мерзімдік курстарға жіберу арқылы жастардың мамандықты тегін игеруіне де жол ашқан көрінеді.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button