Жаңалықтар

Жұмыссыздық бойынша төлем алушылар 308 мыңнан асты

 

2025 жылдың басынан бері жұмыстан айырылған 268 мыңнан астам адамға алғаш рет әлеуметтік төлем тағайындалды. Ал жалпы төлем алушылардың саны қараша айында 308,4 мың адамға жетті.

Жұмыстан босатылған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыз қалған жағдайда 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер ала алады. Төлем мөлшері – соңғы 24 айдағы орташа табыстың 45%-ына дейін, МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.

Әлеуметтік төлем тағайындау үшін не істеу керек?

1.     eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз.

2.     «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу» қызметін таңдаңыз.

3.     Онлайн өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберіңіз.

4.     Бір күн ішінде Мансап орталығы (МО) сізге бос жұмыс орындарын ұсынады.

5.     Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесі беріледі. Қажет болса, МО мамандары қосымша ақпарат үшін хабарласады.

Бұл қызметті enbek.kz порталы арқылы да рәсімдеуге болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жүйеде расталғаннан кейін, Еңбекминистрлігінің ақпараттық жүйесі сіздің нөміріңізге SMS-хабарлама жібереді. Сіз келісім берсеңіз, төлем автоматты түрде тағайындалады.

МӘСҚ есебінен төленетін жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан тағайындалады және азаматты жұмыс іздеу кезеңінде қолдауға арналған.

Жамал АКПАРОВА

 

Басқа материалдар

Back to top button