Бас тақырып
Жұмыссыздарға уақытша жұмыс
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, тіркелген жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу туралы SMS-хабарлама жолдауды бастады.

Хабарламаны 24 790 қиын жағдайға тап болған азамат алады. Оларға ауыл шаруашылығы халық санағына санақшы ретінде жұмысқа орналасу ұсынылады.
Уақытша жұмысқа қабылдау 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жүзеге асырылады. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары бұл науқанға қатыстырылмайды.
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.
Жамал АКПАРОВА