АймақҚарағанды

Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – ел болашағының негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Бастама аясында елімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аймақта жыл аясында жергілікті уәкілетті органдар өкілдері еңбек ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады.

Суреттер қала әкімдігінен

Бүгін  «Asia Ferroalloys» ЖШС кәсіпорнында қала әкімінің орынбасары Ляззат Төкенқызы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы басқармасы, Полиция басқармасы және Қарағанды қаласының Мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұндай кездесулер кадрлық әлеуетті дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылауда ерекше маңызға ие.

Кездесу барысында жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек жағдайлары және интернет-алаяқтық мәселелері қаралды. Еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің әлеуметтік қолдауына ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша маңызды ақпараттар алды.

Бұл іс-шара — жастардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button