Жаңалықтар

Жұмысшы – қастерлі мамандық

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл бастама жастарды техникалық және жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыруға, еңбек нарығындағы сұранысы жоғары кәсіптерді танымал етуге бағытталған. Қарағанды қаласында жыл аясында уәкілетті орган өкілдері еңбек ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бүгін, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Төкенқызы «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы, Отбасы банк, Полиция басқармасы және Қарағанды қаласының Карьералық орталығы өкілдері қатысты.

«Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС – Қарағандыдағы ең көне өнеркәсіп орындарының бірі. 80 жылдық тарихы бар зауыт құрылысқа арналған болат конструкцияларын өндірумен айналысады. Кәсіпорын аймақтың құрылыс саласына айтарлықтай үлес қосып, сапалы өнім шығарып, тұрғындарды жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарып келеді.

Кездесу барысында жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек жағдайлары, интернет алаяқтық пен ақпараттық гигиена мәселелері талқыланды. Еңбек заңнамасын сақтау, еңбекті қорғау және жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсету тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша нақты ақпараттар алды. Кездесу ашық диалог форматында өтті, бұл алдағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button