ЖаңалықтарРесми

Жұмыспен қамту жалғасуда

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға былтыр ел бойынша 756,2 мың адам қатысты. 555,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның 357,4 мыңы тұрақты жұмыс тапты.  

Субсидияланатын жұмыс орындарына 198,3 мың адам орналастырылды. Оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,4 мың адам, жастар практикасымен 33,9 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 121,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,9  мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 493 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 46,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде, 42 мыңы оқуды аяқтады. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 133,4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Оның ішінде, 99 мың адам оқуды аяқтап, сертификат алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 143,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. Бұдан басқа, 2023 жылы ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 102 грант берілді. Облыста аталған жоба аясында 212 грант табысталды.

Аймақта халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді. Оған сәйкес 55 мың жұмыспен қамтылды. Бұл – жоспардың 102%-ы. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына шамамен 21 мың жұмысқа орналастырылды.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button