Жаңалықтар

Жұмыс екпіні – Қарқынды

«Алтын Арба» фермерлік – сауда орталығында сәндік жел диірмені орнатылды. Жел диірмен қатарына сәндік конструкциялар көптеп орналастырылған. Сонымен қатар, ғимарат ішінде сиырдың, шөптің, арбаның, жемістердің мүсіндері қойылған.

Маркетолог Нұрсұлтан Көрпетаевтың айтуынша, таңдаған стильдері «ферма» келбеті. Бұл – ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты арттыруға жасалған қадам екен. Мұнда сатып алушыларға арналған азық-түліктер сөрелерге шығарылады. Қарағанды облысындағы жергілікті өндірушілер мен фермерлер мұндай қанатқақты жобалар санын арттыруды көздеп отыр.

 

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button