Жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып Рүстем Рысқалиұлы тағайындалды. 

Рүстем Рысқалиұлы 1988 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ және “Болашақ” Қарағанды университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы ішкі істер органдарында бастаған. 2016 жылдан бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман – заңгер болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2021 жылға дейін – облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button