Ресми

Жұмыла жұмыс істеуде

Майқұдықтағы №129 және №130 сайлау учаскелері 12 ықшам ауданды және 13 ықшам ауданды жартылай қамтып отыр.

№34 орта мектеп кіреберісінің екі жағына екі сайлау учаскесі талапқа сай орналастырылған. Сайлауға келуші жұртшылықтың дене қызуы тексеріліп, бетперде киюі қадағалануда. Бетпердесі жоқ адамға бетперде беріліп, барлық көмек көрсетілуде.

– Бүгін сайлауға түскен партиялар арасынан өз таңдауымды жасадым. Зейнеткер болғандықтан, түрлі әлеуметтік мәселелеріміздің оңтайлы шешілгенін қалайсың әрине. Барлық партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен толық танысқандықтан, дауыс беруге дайындықпен келдім, әрі, таңдауым дұрыс деген ойдамын, – дейді зейнеткер Гүлнәзия Сағадиева.

Мектеп басшысы Жанат Берлібеков бастаған ұжым жұмыстарын ұқыптылықпен атқаруда. 15 бақылаушы барлық жағдайды қадағалап отыр.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button