Жаңалықтар

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Бала қуанышы – шаттықтың төресі. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмектесіп, сауап алғанға не жетсін?! Біздің №16 орта мектеп ұжымы да республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысуда.

Қарағанды қалалық білім бөлімі бекіткен жоспарға сәйкес, бұл шараға қайырымды жандар көптеп тартылуда. «Адамға қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, осы қайырымдылық акциясына атсалысқан демеушілеріміздің есіміндерін атап өткенді жөн көрдік. Олар – «Арай» базарының директоры Адам Юсупов, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Абай Қалықов.

Көпбалалы отбасы Нұркеевтің үш баласын мектеп формасымен, оқу құралдарымен және Тугай отбасының екі баласын кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. Әрине, бұл – акцияның басы ғана.

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Жүрегі «халқым» деп соғатын демеушілерді күтеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана қазақ.

Ардақ ҚАРАШИНА,

№16 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button