Жаңалықтар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

          Әр жыл сайын Елбасымыз ел дамуының көшін ілгері бастап, халқына жолбасшысы ретінде Жолдау арнайды. Биылғы Жолдау тақырыбы – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Он міндетті атқаруда күшті жұмылдыру қажеттігі туралы айтылған құжаттағы тоғызыншы міндет – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Цифрландыруға, жаңа әлемге аяқ басса да, сыбайлас жемқорлықтан жер жаһанның барша мемлекеттері әлі де болса арыла алмай келеді. Жетістікке жету жолында аяқтан шалып, тосқауыл болатын жемқорлық біздің елде де бар. Күрес жүргізілгенмен, қоғамымыздан толық арылта алмай келе жатқанымызды жыл сайынғы статистикалық көрсеткіштерден байқауға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғам болып, ел болып, мемлекет қана болып емес, әр отбасы, әрбір азамат, әрбір тұлға болып қолға алу маңызды. «Отан – отбасынан басталады» деп дана халқымыз айтқандай, отбасындағы әрбір ата-ана балаларына дұрыс тәлім-тәрбие берумен бірге жемқорлықтан ада болуды үйретуді бастауы керек. Бүгінгі балақайдың ертең ел іргесін ұстар азамат болып өсуі – әр ата-ананың қолында.
Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматты патриоттық сезімнен, еліне деген махаббаттан, жүректің адалдығынан басталады. Елін сүйген кез келген адам сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы, ұрпағы үшін, туған елі үшін еңбек етері хақ.

Р.ЖИЕНБАЕВА,
Октябрь аудандық
қазынашылық
басқармаcының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button