Бас тақырыпСпорт

«Жұлдыздар аллеясында» Дастан Мұқашбековтың жұлдызы жарқырады

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қарағандыдағы «Жеңіл атлетика жұлдыздары» аллеясына Парижде өткен Паралимпиада ойындарының жүлдегері Дастан Мұқашбековтың есімі жазылды. Параспортшы ядро лақтыру бойынша қола медаль жеңіп алған болатын.

– Баршаңызға алғысым шексіз! Менің жұлдызым осы «Даңқ аллеясына» орнатылып жатыр. Егер мен Паралимпиадада алтын медаль алсам не болатынын елестете алмаймын. Бұл менің басты мақсатым, мен оған жету үшін бәрін жасаймын, – деді Дастан Мұқашбеков.

Өткен жылы Қ. Нұржанов атындағы Қарағанды жеңіл атлетика манежінде «Жұлдыздар аллеясы» ашылды.


Мұнда жеңіл атлетикадан Қазақстандағы жалғыз екі дүркін Олимпиада чемпионы Владимир Муравьев, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дмитрий Карпов, сондай-ақ Азия ойындары мен Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары Сергей Засимович пен Марина Аитова сияқты облыстың көрнекті спортшыларының жетістіктері белгіленген.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button