Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Антропов – әлем чемпионы!

Ауыр атлетикадан Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Артем Антропов жүлдемен оралды. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасында сынға түскен спортшы жұлқа көтеру сайысы бойынша кіші алтын медальді жеңіп алды.

Аталмыш чемпионатта спортшылар ерлер арасында 102 келіге дейін және әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жерлесіміз өз салмағында жұлқа көтеруден 222 келіні көтеріп, чемпионаттың кіші алтын жүлдесін иеленді. Алайда, ол серпе көтеруде тек 163 келіні ғана бағындырды. Қоссайыс нәтижесі бойынша жерлесіміз VI орынға табан тіреді.

Осы салмақ дәрежесінде Катар спортшысы қоссайыс нәтижесі бойынша 391 (174+217) келіні басынан асырып, Әлем чемпионы атанды. Ал, күміс жүлдені  390 (177+213) келіні көтерген Иран спортшысы Реза Дедар жеңіп алды. Қола жүлде 389 (175+214) келіні бағындырған армениялық Самвел Гаспарянға бұйырды.

Ал, 76 келіге дейінгі әйелдер арасында бақ сынаған қазақстандық Арай Нұрлыбекова қоссайыс қорытындысы бойынша 223 (100+123) келіні көтеріп, Х орын иеленді. Бұл салмақ дәрежесінде күш сынаған мысырлық Сара Ахмед 261 (113+148) келімен алтын жүлде иегері атанды. 247 (109+138) келіні көтерген американдық Марта Энн Роджерс – ІІ орынды, 245 (108+137) келіні бағындырған Оңтүстік Кореялық Ким Су Хуннан – ІІІ орын иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button