Жүйелі жұмысқа сенім мол
Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру, оның ішінде отандық бизнестің оларға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ету, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту мақсатында оларды өткізуді орталықтандыру арқылы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламаның тармақтарының бірі болды.

Конкурстық рәсімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және рәсімдерді оңайлату мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама тұрақты негізде жетілдіріледі.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурсты және рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурсты сатып алудың 2 жаңа тәсілі қолданысқа енгізілді.
Негіздемелік келісімдерді конкурсты пайдалана отырып, бірыңғай ұйымдастырушылар орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шеңберінде қолданады. Онда бірінші кезеңде белгіленген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер іріктеледі. Олармен кейіннен негіздемелік келісім жасалатын болады. Екінші кезеңде тапсырыс берушілер мұндай жеткізушілерге тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға өтінімдер жібереді. Шарт ең жақсы ұсынысты ұсынған жеткізушілермен жасалады.
Бұл әдіс тапсырыс берушілердің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірыңғай ұйымдастырушылар алдағы қаржы жылы басталғанға дейін негіздемелік келісім жасасуды қамтамасыз етеді.
Сатып алу негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне: тіркелген телефон байланысы, ұялы байланыс және интернетке қолжетімділік жөніндегі қызметтер; бензин (АИ-92, АИ-95, АИ-98 маркалары), дизель отыны (жазғы, қысқы, арктикалық) кіреді. (ҚР Қаржы министрінің 2022.01.17 №44 бұйрығы).
Мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуын болдырмау мақсатында рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық баға ұсыныстарын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды айқындайды, бұл ретте конкурстық комиссия құрылмайды.
Бұл баға мен сапа критерийлерінің үйлесімімен жеткізушіні автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді.
Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау жөніндегі жұмыстар кіреді. (ҚР Қаржы министрінің 2022.01.18 №46 бұйрығы).
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алудың жаңа тәсілі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік цикл құнын есептеуді қолданатын конкурс енгізілді.
Сапалы және инновациялық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ынталандыру мақсатында жеткізушілерді сатып алу бағасы негізінде емес, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде таңдау ұсынылады.
Өмірлік цикл құнын есептеуді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне көпфункционалды құрылғы, принтер кіреді (ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы №1203 бұйрығы).
Көмекші қызметтерді орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №955 бұйрығымен «Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Енгізілген жаңалықтарға сәйкес, конкурс және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды облыстың, аудандардың және қалалардың бірыңғай ұйымдастырушылары жүргізетін болады.
Мәселен, «Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ болып табылатын облыстың бірыңғай ұйымдастырушысы конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. Мұнда тапсырыс берушілер облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылады. Сондай-ақ, тапсырыс берушілер қалалар мен аудандардың әкімдіктері болып табылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер 40 000 АЕК-тен асатын.
Аудандар мен қалалардың бірыңғай ұйымдастырушылары 40 000 АЕК-тен аспайтын конкурс (аукцион) тәсілдерімен сатып алынатын барлық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алуды, сондай-ақ аудандардың, қалалардың білім бөлімдері мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері үшін сатып алуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру мемлекеттік сатып алуды өткізудің бірыңғай әдіснамасын қамтамасыз ету және мамандардың жинақталған тәжірибесі мен білімі есебінен мемлекеттік сатып алу саласын кәсібилендіру жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізудегі маңызды міндет – азаматтар мен бизнестің мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру.
Қолданыстағы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістер Қазақстанның Мемлекеттік сатып алу жүйесі заңнама деңгейінде елеулі өзгерістерге ұшырағанын және Үкіметтің осы жүйені жаңғыртуға деген тұрақты ұмтылысын көрсететінін дәлелдейді.
Мемлекеттік сатып алу басқармасы өз өкілеттігі шеңберінде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды және елішілік құндылық үлесін дамытуды талдауды жүзеге асырады.
Қарағанды облысының тапсырыс берушілері 2022 жылы жалпы сомасы 221,4 млрд. теңгеге 4018 конкурс / аукцион өткізді.
Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде 2022 жылы жалпы сомасы 147,4 млрд.теңгеге 355 конкурс/аукцион өткізді.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында отандық тауар өндірушілерді қолдау және мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту міндеті қойылғанын атап өткім келеді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде нысаналы индикаторларға өнеркәсіптің барлық салалары бойынша қол жеткізілді. Елішілік құндылық үлесін талдау жиһаз, жеңіл, тамақ, химия, фармацевтика, целлюлоза-қағаз, құрылыс материалдары және машина жасау өнеркәсібінің 8 саласы бойынша жүргізіледі. Өнеркәсіптің 8 саласы бойынша елішілік құндылықтың орташа үлесі 56,4% немесе 11,4 млрд. теңгені құрады, сатып алу фактісі 20,2 млрд. теңгені құрады.
Деректердің дұрыстығы есептілікті жинау процесін автоматтандыру есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу процесін заңнамалық реттеу мәселелері бойынша талдау жүргізу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңнаманы жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жолданады.
2023 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудандардың/қалалардың және квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуды талдауын ұйымдастыруға және жүргізуге, мемлекеттік сатып алудағы елішілік құндылық үлесін талдауға және 2023 жылға белгіленген нысаналы индикаторларды орындауға бағдарланатын болады.
Қорытындылай келе, біздің басқарма әрдайым ашық және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қажетті кеңес беруге дайын екенін атап өткім келеді.
Азамат Мұқанов,
облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.