ҚарқаралыРухани жаңғыру

Жәдігерлер толықты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қарқаралы тарихи-өлкентану музейінің жәдігерлері құнды кітаптармен толықты. Еліміздің шежірелі тарихы жинақталған ғылым, көркем әдебиет тақырыбындағы 167 кітап пен дискіні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі табыс етті.

«Қасиетті Қазақстан» І-ІІІ томдары, «Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты қазақ және орыс тілдерін де жазылған энциклопедиялармен музейге келген қонақтардың танысуға мүмкіндігі бар.

Кітаптардың ішінде еліміздің тарихи маңызы бар киелі жерлері, соның ішінде туған өлкеміз Қарқаралы аумағындағы тарихи және қасиетті орындары кірген. Осы кітаптармен танысып отырған оқырман еліміздің тарихи орындары жайлы ақпарат алып, рухани кемелденеді. Осы бір рухани шараның бастамашысы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Археология және этнография» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Руслан Дуванбеков, кітапхана басшысы Толқын Дариш, кәсіби біліктілікті арттыру орталығының сарапшысы Олжас Ибраевқа алғысымыз шексіз. Алдағы күндері «Суреттер көрмесі» залында аталмыш кітаптарға арналған арнайы көрме ұйымдастырылмақ, – дейді музей директоры Назым Әбішева.

Ел мен жердің тарихын насихаттап, ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан музей жәдігерлерінің қатарында 207 кітап бар.

Сағыныш ӘБІЛ,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button