Жаңалықтар
Өзгеріске дайын болу – заман талабы
Әр алуан пікірге, әртүрлі мәселеге қатысты қоғамда айтылатын пайым да әртүрлі. Әрине, тұрғындардың пікірі ресми ұстаныммен сәйкес келмей жататын кездері де бар. Осы орайда, енді ғана жұмысын бастаған Ұлттық сенім кеңесі өзара түсініспеушілікті жойып, бір мәмілеге келуге шақыратыны анық.
Сенім кеңесінің ең басты артықшылығы – өркениетті түрде ортақ келісімге келе алуда. Еліміздегі жағдай, қоғамдағы, жалпы, әлемдегі өзгерістерге адамдардың ғана емес, сондай-ақ, биліктің де дайын болуы қажеттігін көрсетті. Осы орайда, Ұлттық сенім кеңесі қазақстандықтардың заман ағымына сай дамуға дайын екенін, бір-бірімен ашық сөйлесіп, келісімге келе алатынын көрсететініне сенімдімін.
Гүлмира РЫСПАЕВА,
Ұлытау аудандық мемлекеттік архивінің басшысы.