АймақТеміртау

«Тіл – ұлттың жаны»

Кеше Қазақстан халқының Тілдері күніне, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Теміртау қаласында «Тіл – ұлттың жаны» атты сайыс өтіп, онда өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысқа түсті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Сайысқа қатысушылар екі аталым бойынша бақтарын сынады. Жарыс қорытындысында өлең оқудан 1-орынды В.Попов, 2-орынды Н.Ткаченко мен М.Григориади, 3-орынды В.Слабец иеленсе, қазақша ән орындауда 1-орын Р.Хакимовқа, 2-орын К.Свидерский мен Г.Новичковаға, ал 3-орын Б.Березинаға бұйырды. Сонымен қатар тағайындалған арнайы жүлдеге Т.Винтер ие болды.

Сайыс жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттарды Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев табыстады.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button