Зертхана зейін ашады
Балқаш қаласында жеті мектепте STEAM зертханалары ашылды. Айтулы білім жобасының басты мақсаты — аймақтағы жалпы білім ұяларында жаратылыстану-техникалық, инженерлік-математика және өнердің дамуына жан-жақты үлес қосу. Сонымен қатар, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушыларды қосымша оқыту және қолданбалы зерттеулерді жүргізу арқылы бағыттарын қамтиды.

– Пәндерді интеграциялау балалар математиканы да, өндірістік технологияны да оқиды. Олар біздің кәсіпорындармен, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдерімен бірге көптеген жобаларды жүзеге асырып, тәжірибеден өткізеді, – дейді Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Дүбірбекова.
Айта кетейік, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жаратылыстану-техникалық, инженерлік-математика және өнер бойынша 300-ге жуық балаға қосымша сабақтар өткізіледі. Зертханаларда оқушылар өз жобаларын жасап, робототехникамен және бағдарламалаумен айналысады. Түрлі эксперименттер мен зерттеулер жүргізеді. STEM зертханада сабақ беру үшін мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
БАЛҚАШ