ҚарағандыРесми

Өзекті мәселелер – назарда

Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар арасындағы маңызды басымдықтың бірі – адам құқықтарын қорғауды күшейту. Бұған дейін әлеуеті тиісті деңгейде ашылмаған Адам құқықтарын қорғау институты Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан кейін пәрмен алды. Жариялылық, әділдік пен бейтараптықты мақсат еткен Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Артур Ластаев өңірімізге жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қарағандыдағы «Достық үйінде» қабылдау өткізген Артур Ермекұлы өңір тұрғындарына бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша кеңестер беріп қана қоймай, тікелей көмек алуларына мүмкіндік берді. Қабылдауға келген жеті адам сот актілерімен келіспеушілік, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу мәселелеріне шағым жасай келген. Жағдайдың да түрлі болатынына байланысты әр азаматқа қабылдау барысында жеке практикалық тәсіл қолданылып, әр дәлел мұқият зерделенді.

Ал, базынасын айта келгендер болса, бұл қабылдау уәкілетті адамның адам құқықтарын қорғауға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бейіл екендігіне көздері жеткенін атап өтті.

Азаматтарды қабылдау тәжірибесі жалғасатынын және еліміздің барлық өңірлерін қамтитынын айту керек. Көтерілген мәселелерді омбудсмен жеке бақылауына алғандықтан, тез әрі тиімді шешілуі тиіс.

Одан бөлек, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жағдайын талқылау үшін облыстағы балалар омбудсмені Ирина Кисилевамен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен де кездесті.

Кездесу барысында тараптар балалардың құқықтарын қорғаудың ағымдағы жағдайын талқылап, бірлескен жұмыс жоспарларын белгіледі.

Атап айтқар болсақ, Артур Ластаев бала құқықтарын қорғаудың практикалық тиімділігін арттыратын Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілуін құптады. Ол, сондай-ақ, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының маңыздылығын атап өтті.

Уәкіл білім беру мекемелеріндегі буллинг мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Балалар омбудсменіне аталған жағдайды мұқият қадағалауды және осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Омбудсмен кәмелетке толмағандарға интернеттегі және әлеуметтік желілердегі кері әсерін тигізетін контенттерге мониторинг жүргізуді және одан әрі шаралар қабылдау үшін ақпаратты аймақтағы өз өкіліне беруді ұсынды.

– Балалардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты зорлық-зомбылықты жою – Адам құқықтары жөніндегі және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің басым міндеттерінің бірі. Мемлекеттің, үкіметтік емес сектордың және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігері арқасында тиімді нәтижелерге жетеміз деген сенімдемін, – деді Артур Ластаев.

Салтанат ІЛИЯШ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button