Бас тақырыпБасты тақырып

Өзекті мәселелер – билік назарында

Қарағанды облысында өнеркәсіптің тұрақты өсуі жалғасуда. 11 айда өндіріс көлемі 2,6 трлн. теңгені құрады. Өңдеуші секторда өнім шығару 5 пайызға ұлғайды. Аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК даму қарқынын сақтау үшін әрбір кәсіпорындағы жағдайды қадағалауды тапсырды.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды қорытындылары туралы экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте баяндады.

– Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі ағымдағы жылдың 11 айында 3% өсіммен болжануда. Қаржылай мәнде бұл – 2 трлн. 590 млрд. теңге. Өңдеу өнеркәсібінде 5%-ға өсім күтілуде. Тау-кен өнеркәсібіндегі көлемдер өткен жылдың деңгейінде, – деп хабарлады ол.

Өңірде темір және мыс кенін өндіру артты. Болжамдық деректер бойынша тегіс илек өндірісі 25,7%-ға, тазартылған мыс өндірісі 5,2%-ға ұлғайды.

11 айда инвестициялар шамамен 580 млрд. теңгені құрайды. Өңірде 88 684 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олардың саны өткен жылға қатысты азайған жоқ.

Облыста биыл тұрғын үй құрылысы ұлғайды. Жыл қорытындысы бойынша 525 мың шаршы метр енгізу жоспарлануда. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен ширек есеге асып түседі. Қазірдің өзінде 17,5% өсіммен 437,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығында оң динамика байқалады. Алдын ала деректер бойынша, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығында 5,9%-ға ұлғайды.

– Жалпы, біз тұрақты көріністі байқап отырмыз. Өсім барлық салалар бойынша жүріп жатыр. Эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларға қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары оң динамиканы қамтамасыз ете алды. Өнеркәсіп барлық кезеңде тұрақты жұмыс істейді. Әсіресе, өңдеуші сектордағы өсім қуантады. Бұл қарқындарды сақтап қалу қажет. Біздің ЖӨӨ-нің жартысы – бұл өнеркәсіп. Ірі жүйе құраушы компаниялардың айналасында көптеген шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалалар мен аудандардың әкімдері әр кәсіпорынмен, әр инвестормен нақты және бағытты түрде жұмыс істеуі керек. Жаңа инвестициялар – бұл жаңа жұмыс орындары. Бұл әр әкімнің жұмысын бағалаудағы маңызды екі көрсеткіш, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

2020 жылға облыста 2,7 трлн. теңге көлемімен өнеркәсіптің 3,3%-ға өсуі жоспарланған.

***

Осы аптада облыста қатты аяз болады деп болжанып отыр. Температураның төмендеуіне байланысты аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек жылу көздерінің жұмысына бақылауды күшейтуді тапсырды. Ол тұрғындардың шағымдарына жедел жауап беруді талап етті.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұлантай Үсеновтің айтуынша, облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Оның айтуынша, барлық ЖЭО мен қазандықтар температуралық режимге шыдайды.

– Осы аптада 30 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Қазірдің өзінде өте суық. Жылуға байланысты кез келген шағымды назардан тыс қалдырмауды талап етемін. Ауқымды сұрақтармен ғана айналыспаңыздар. Жеке үйлерде, кіреберістерде проблемалар бар. Жедел әрекет етіңіздер, шешімін іздеңіздер, – деді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, әкімдер жылыту маусымының тұрақты өтуіне дербес түрде жауапты болады. Үйге кіргенге дейін жылу беру жүйесінің кідіріссіз жұмысын қызмет көрсетушілер қамтамасыз етеді. Ал жылыту жүйесінің жағдайы мен тұрақты жұмысын ПИК пен тұрғындардың өздері қадағалауы тиіс.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button