Бас тақырып

Зейнеткерлерге пойыз билеттеріне 25 пайыз жеңілдік берілді

Қазақстанда ел ішінде теміржол көлігімен қатынайтын 60 жастан асқан жолаушыларға 25 пайыздық жеңілдік қарастырылды.

Сурет Freepik

Жеңілдікті пайдалану үшін «Qurmet» дисконттық картасын рәсімдеу қажет. Аталған карта барлық пойыз түрлерінде жарамды болып, купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын санына шектеусіз билет сатып алуға мүмкіндік береді.

«Qurmet» картасының құны – 3 000 теңге, жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

Сондай-ақ 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған Kettik33 дисконттық картасы енгізілді. Бұл карта купедегі жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33 пайыздық жеңілдікпен алуға мүмкіндік береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button