Жаңалықтар

Зейнеткерді тонаған күдікті құрықталды

Кеше Қарағандыда тапа тал түсте бәз біреу зейнеткерді тонап кеткен. Алайда, полиция қызметкерлері араға күн салмай күдіктіні құрықтады.

Қала көшелерінің бірінде келе жатқан 76 жастағы зейнеткерге ер азамат тап берген. Әлгі азамат зейнеткердің алтын әшекейін байқап, мойынынан жұлып алып кетеді. Ал, осы оқиға көшедегі камераларға түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері «ашық тонау жасады» деген күдікпен 24 жастағы күдіктіні құрықтаған. Ол жасаған қылмысын мойындап, көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button