Зейнетақы жинағын тіс емдеу үшін пайдалануға тыйым салынбақ
Денсаулық сақтау министрлігі стоматологиялық біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану жөніндегі норманы алып тастауды ұсынды.

– Жобада протездеу және тістерді имплантаттау сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді. Шешім медициналық құжаттарды фальсификациялау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың көптеген жағдайларына байланысты, – делінген құжат жобасында.
Стоматологиялық қызметтерге ақы төлеуге берілген өтінімдерді талдау қорытындысы бойынша азаматтар қаражатының бір бөлігі алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына шығарылғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап банк зейнетақы қаражатының есебінен медициналық көмектің осы түрін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды тоқтатылғанын айта кету керек.
Отбасы Банкінің ақпараты бойынша, 2021 жылдан бастап 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі кезеңде платформа арқылы enpf-otbasy.kz тек “стоматологиялық қызметтер” мақсаты бойынша 757 млрд теңге сомасына 795 424 транзакция жүргізілді. Талдау көрсеткендей, 222 млрд теңгеден астам қаражат ТОП-20 стоматологиялық клиникаға жіберілді. Негізгі клиникалардың бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан.
Аталған кезеңде Отбасы банкіне 29 797 өтінім берілді, оның 88,3% – ы немесе “стоматологиялық қызметтер”мақсаты бойынша 26 312 өтінім берілген.
Ұсынылған өзгерістер ашықтықты арттыруға және денсаулық сақтау саласында қаражаттың мақсатты қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бастама «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Талқылау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағы тіс емдеуге берілмейтін болды. 2021 жылдан бері «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 800 мыңға жуық транзакция жасалған. Соның 222 млрд теңгесі 20 стоматологиялық клиникаға түскен.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА