Үздіктер топ жарды
Қарағандының Балалар мен жеткіншектер сарайында ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталуда. Дарынды жоғары сынып оқушыларын облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын құттықтап, облыста үздік оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту көзделгенін атап өтті.
– Олимпиада жалпы білім беру пәндерін тереңдетіп оқитын зияткер оқушылардың барлық пәндерден білімдері сарапқа салынатын бірегей жоба. «Жаста оқыған оқу – тасқа жазғанмен бірдей» демекші, оқушылардың келешекте өз ісінің білгірі атануына олимпиададағы жеңісі өз ықпалын тигізетініне кәміл сенеміз, – деді Ерлан Құсайын.
Жалпы білім беретін пәндерден 9-11 оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне – 4235 , облыстық кезеңіне –761 оқушы қатысты. Олимпиаданың облыстық кезеңінде 374 оқушы жеңімпаз атанды. Ал, 71 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Аяулым СОВЕТ.