Жаңалықтар

Үздіктер анықталады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында батальон офицерлері арасында «Батальонның үздік командирі», «Штабтың үздік бастығы», «ТЖӘҚЖ бойынша батальон командирінің үздік орынбасары» және сержанттар арасында «Взводтың үздік сержанты», «Бөлімшенің үздік командирі» атағына байқау-конкурстың қорытынды кезеңі өтті.

Суреттер: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен

Аталған байқауға әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтарда алдыңғы екі кезеңде конкурстық іріктеуден өткен 16 офицер мен 15 сержант қатысты.

Олар оқыту пәндері бойынша жеке даярлық бөлінісінде тексерілді. Соңында Ұлттық ұланының батальондық буын офицерлері мен сержанттары арасында кәсіби шеберлік деңгейі бойынша байқау-конкурстың 3-ші қорытынды кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды.

Конкурс нәтижесі бойынша Петропавлдағы Ұлттық ұлан Академиясының подполковнигі Арман Исмаилов «Үздік батальон командирі» аталымында жеңімпаз атанды. Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінің майоры Мақтабай Нұржігіт «Батальон үздік штабының бастығы» аталымында үздік шықты. «Батальон командирінің үздік ТЖӘҚЖ бойынша орынбасары» аталымында ҚР Ұлттық ұлан академиясының (Петропавл қ.) подполковнигі Әлімжан Тасмағамбетов қара үзді.

Ал, «Үздік взвод сержанты – жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы» бағыты бойынша 3514 әскери бөлімінің (Курчатов қ.) аға сержанты Асхат Тұрдахунов, 5548 әскери бөлімінің (Жаңаөзен қ.) 3 сыныпты сержант Марат Өмірзақов «Үздік бөлімше командирі» аталымында үздік атанды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button