ЖаңалықтарРесми

Үздік жоба анықталды 

18 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «QazInnovations» Ұлттық инновациялық даму агенттігі» АҚ (бұдан әрі – QazInnovations) қолдауымен идея және прототип кезеңінде стартаптар үшін қарқынды инкубация бағдарламасы өткізілді.

 

Инкубация бағдарламасы аясында екі апта бойы стартап-командалар бизнесті жүргізудің түрлі аспектілері бойынша білім беру семинарларына қатысып, тәжірибелі трекерлер мен сарапшылармен кеңесіп, өздерінің бизнес-идеялары мен прототиптерін әзірлеу бойынша жұмыс жасады.

Бағдарлама қорытындысы 1 желтоқсанында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Demo Day форматында өтті. Онда 15 стартап түлегі екі апталық жұмысының нәтижелерін ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасы перспективті 3 жобаны анықтады.

Олардың алғашқысы қаладағы сауда орталықтарынан кез келген тауарды онлайн сатып алуға болатын Qmarket қосымшасы. Екіншісі, Мәрмәр бұйымдарын өндіретін өндіріс болса, үшіншісі DiLady Спорттық киім өндірісі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button