Спорт

Үздік үштікті түйіндеді

Францияның Метц қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирде қарағандылық теннис шебері Алан Құрманғалиев ақтық сынға бір қадам қалғанда ұтылып, үшінші орынға ие болды.

Сурет olympic.kz

Жерлесіміз Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында ол Иван Канды (Нидерланды), Ронда Брентті (Нидерланды), Назар Солодконы (Украина), Вим Вердоншотты (Германия) айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Ал, жартылай финалда жапондық Юки Сакайға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирден қола медальмен қайтты.

Алан Құрманғалиев талай байрақты бәсекеде топ жарып, облыс намысын қорғап жүрген саңлақ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button